Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы 2026 жылғы 3 шілдеде премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәдениет, ақпарат және әлеуметтік саясат салаларында жаңа Конституция ережелерін жүзеге асыру барысы, сондай-ақ азаматтардың тұрмыс сапасын көтеруді көздейтін мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары баяндалды.
Аида Балаева заңнаманы жаңа Ата заңға сәйкестендіру, мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру, цифрлық кеңістікті ілгерілету, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ отбасы және жастар саясаты, волонтерлік қызмет пен қоғамдық бақылау салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.
Сондай-ақ, жаңа білім, ғылыми-ағартушылық және шығармашылық нысандарын құру, дәстүрлі өнерді қолдау мен білікті маман даярлау бағыттарында еліміздің мәдени инфрақұрылымын жандандыру жөніндегі ұсыныстарды жеткізді.
Мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Бұл ретте, спикер білім, ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, спорт және туризм салаларын өркендету жайында әңгімеледі.
Сонымен қатар, ведомствоаралық ықпалдастықты күшейтуге, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, адами капиталды дамытуға, заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге және әлеуметтік сала инфрақұрылымын қалыптастыруға ерекше мән берілді.
Өз кезегінде, президент мәдениет, ақпарат және әлеуметтік даму салаларындағы мемлекеттік саясатты одан әрі күшейтуге бағытталған бірқатар тапсырма жүктеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:06, 3 шілде 2026
СҚО-да ер адам мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді
-
16:53, 3 шілде 2026
Алдағы демалыс күндері Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт өзгереді
-
16:39, 3 шілде 2026
Балалар алаңындағы жарылыс: Ресейде кішкентай қыз балаларды қайғылы жағдайдан құтқарып қалды
-
16:21, 3 шілде 2026
Тоқаев Лукашенконы және Беларусь халқын құттықтады
-
16:12, 3 шілде 2026
ІІМ: Қазақстанда қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді





