Мектеп оқушылары ұялы телефонды қашан және қалай пайдалана алады: жаңа ережелер бекітілді
© Сурет: pexels
Оқу-ағарту министрі 2026 жылғы 24 қыркүйектегі бұйрығымен орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын пайдалану қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қағидалар меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын пайдалану тәртібін айқындайды.
Оқу процесі кезінде білім алушы немесе тәрбиеленуші ұялы телефонды мына жағдайларда пайдалана алады:
- оқу мақсатында, яғни оқу тапсырмасын орындау үшін телефонды пайдалану қажет болған жағдайда педагогтің нұсқауы бойынша;
- білім алушының, тәрбиеленушінің немесе басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туындағанда;
- білім алушының немесе тәрбиеленушінің денсаулық жағдайына байланысты ұялы байланыс абоненттік құрылғысын пайдалану қажет болғанда.
Оқу сабағы басталғанға дейін оқушы телефонын дыбыссыз режимге ауыстырып, діріл мен дыбыстық сигналдарды өшіреді немесе телефонды сөндіреді.
Оқу сабағы кезінде жоғарыда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ұялы байланыс абоненттік құрылғысын пайдалануға болмайды.
Мектепте мүмкіндік болған жағдайда ұялы байланыс құрылғыларын орналастыруға арналған арнайы жабдықталған орындар белгіленуі мүмкін. Мұндай орындар болған жағдайда оларды пайдалану тәртібі және орналастырылған құрылғылардың сақталуын қамтамасыз ету шаралары білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларында айқындалады.
Педагог оқу мақсатында ұялы телефонды пайдалануға рұқсат берген кезде:
- телефонды пайдалану қажет болатын оқу тапсырмасын анықтайды;
- телефонды пайдалануды бастамас бұрын оқушыларға оқу тапсырмасының мазмұнын, құрылғыны пайдалану тәртібі мен ұзақтығын түсіндіреді;
- оқу тапсырмасын өз бетінше орындауға қойылатын талаптарды және оны орындау кезінде телефонды пайдаланудың рұқсат етілген тәсілдерін түсіндіреді;
- телефонды пайдалануды бастау және тоқтату туралы нұсқау береді.
Өз кезегінде оқушы:
- ұялы телефонды тек педагог белгілеген оқу тапсырмасын орындау үшін пайдаланады;
- педагог белгілеген пайдалану тәртібі мен уақытын сақтайды;
- белгіленген талаптарды сақтай отырып, оқу тапсырмасын өз бетінше орындайды;
- педагогтің нұсқауы бойынша телефонды пайдалануды тоқтатады.
Сондай-ақ қағидаларда оқу тапсырмасын орындау кезінде фото, аудио және бейнежазба функцияларын педагогтің нұсқауы бойынша пайдалануға рұқсат етілетіні белгіленген. Бұл ретте дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнама, сондай-ақ жеке өмірді қорғау және адамның өз бейнесіне құқығына қатысты талаптар сақталуы тиіс.
Бұл ретте ұйымдастырушылық мәселелер білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларымен айқындалады.
Білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларында оқу процесі кезінде ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер мен білім алушы немесе тәрбиеленуші арасында шұғыл ақпарат алмасу тәртібі, оның ішінде осы мақсатта пайдаланылатын мектептің абоненттік телефон нөмірі белгіленеді.
Мектеп ата-аналар мен оқушыларға қағидалардың талаптарын, ішкі тәртіп ережелерін, сондай-ақ оқу процесі кезінде ата-аналар мен оқушылар арасында ақпарат алмасуға арналған мектептің телефон нөмірін жеткізуге міндетті.
Бұйрық 2026 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:02, 29 қыркүйек 2026
Тоқаев Wilo Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Оливер Герместі қабылдады
-
16:58, 29 қыркүйек 2026
Астанада жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған
-
16:54, 29 қыркүйек 2026
Қазақстанда компанияларға дербес деректердің таралуына байланысты айыппұлды арттыру ұсынылды
-
16:50, 29 қыркүйек 2026
130 мың тонна астық Қазақстан арқылы заңсыз экспортталған
-
16:46, 29 қыркүйек 2026
Бектенов картоп тапшылығы мен бағаның өсуіне жол бермеуді тапсырды





