Қарағандыда полицейлер 16 жастағы қызды құтқарып, қайғылы жағдайдың алдын алды
© Сурет: polisia.kz
Қарағанды қаласында патрульдік полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған қыздың өмірін аман сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызмет атқару барысында патрульдік полиция инспекторлары Жалғас Смағұлов пен Ғылымхан Қаратағанов Жедел басқару орталығынан 9 қабатты тұрғын үйдің шатырында тұрған қыз туралы хабарлама алған.
Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер шатырдың ең шетінде қауіпті жағдайда отырған жасөспірімді байқады. Жағдай дереу әрі байыпты әрекет етуді талап етті.
"Біз қызбен байланыс орнатып, оны қауіпті қадамнан бас тартуға көндіруге тырыстық. Алайда ол біздің сөзімізге жауап бермеді. Жағдайды жедел бағалап, кідірістің қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін түсіне отырып, әріптесім екеуміз нақты әрекет етуге шешім қабылдадық. Шатырға көтеріліп, аса сақтықпен жақындап, қолайлы сәтті пайдаланып, оны жедел түрде қауіпсіз жерге шығардық", – дейді Жалғас Смағұлов.
Басынан өткерген күйзелістің салдарынан жасөспірім есінен танып қалған. Полиция қызметкерлері оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Есін жиғаннан кейін жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Анықталғандай, құтқарылған қыз – қаланың 16 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.
Полицейлердің айтуынша, құтқару операциясы барысында олар өз өмірлеріне төнуі мүмкін қауіпке қарамастан әрекет еткен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:51, 31 мамыр 2026
Спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі: Зейнолла Идрисов күміс медаль жеңіп алды
-
09:01, 31 мамыр 2026
Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады
-
19:05, 30 мамыр 2026
Алдияр Рамазанов әртістік жүзуден Испаниядағы Әлем кубогы кезеңінде екінші жүлдесін жеңіп алды
-
19:01, 30 мамыр 2026
Тоқаев Хорватия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
-
17:46, 30 мамыр 2026
Жапонияда Азия қазақтарының ІІІ құрылтайы өтті





