Астанада жол ережесін өрескел әрі жүйелі бұзып келген жүргізуші қамауға алынды
© Сурет: polisia.kz
Астанада полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін ұзақ уақыт бойы әдейі және өрескел түрде бұзып келген жүргізушінің заңға қайшы әрекеттерін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күйші Дина көшесінде жүргізілген рейд барысында BMW автокөлігін басқарған 27 жастағы азамат тоқтатылды. Тексеру нәтижесінде оның жыл басынан бері 61 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Оның 59 дерегі – белгіленген жылдамдықты арттыру фактілері.
Жүргізушінің әрекеттері қоғамдық қауіпсіздікке елеулі қатер төндірген. Атап айтқанда ол әл-Фараби көшесінде жаяу жүргіншілер өткелінен 133 км/сағ жылдамдықпен қызыл бағдаршамға өтіп кеткен. Бұдан бөлек, рұқсат етілген 90 км/сағ орнына 216 км/сағ жылдамдықпен жүргені де тіркелген.
Қабылданған шаралар нәтижесінде құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Полиция заң талаптарын жүйелі түрде елемейтін тұлғаларға қатысты қатаң әрі қағидатты шаралар қолданылатынын атап өтеді. Айыппұлды төлеу фактісі жауапкершіліктен босатпайды және заң алдында барша азамат тең.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:04, 19 мамыр 2026
Атырауда 160-қа жуық психотроптық дәрі тәркіленді
-
22:45, 19 мамыр 2026
Семейлік мектеп оқушысы прокурорға сенім артып, өгей әкесінің зорлығынан құтылды
-
22:01, 19 мамыр 2026
Алматыда 2 мыңнан астам адамды кене шаққан
-
21:40, 19 мамыр 2026
Нысана көздеуден Германиядағы Әлем кубогының кезеңі: ұлттық құраманың тізімі
-
21:18, 19 мамыр 2026
Дзюдодан Эстониядағы European Open турнирінде ел намысын кімдер қорғайды





