13 сәуірде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

16:59, 12 сәуір 2026

© Фото: zakon.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 13 сәуірде елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 сәуірде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с.

13 сәуірде күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 13 сәуірде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

13 сәуірде күндіз Түркістан облысының солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады

13 сәуірде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 13 сәуірде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

13 сәуірде түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

13 сәуірде Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 13 сәуірде жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі.

13 сәуірде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман. Қостанай қ.: 13 сәуірде жаңбыр, найзағай күтіледі.

13 сәуірде күндіз Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 13 сәуірде жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 13 сәуірде күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.

13 сәуірде күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 13 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

13 сәуірде түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

13 сәуірде түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

13 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 13 сәуірде тұман күтіледі.

13 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

13 сәуірде күндіз Қарағанды облысының шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

13 сәуірде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 13 сәуірде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!