Мексикада пиротехника жарылып, тоғыз адам қаза тапты
© Сурет: pexels
2026 жылғы 5 қыркүйекте Мексиканың Мехико штатындағы Темаскальсинго муниципалитетіне қарасты Санта-Мария-Канчесда елді мекенінде пиротехниканы сақтау және пайдалану кезінде жарылыс болды. Оқиға әулие қамқоршыға арналған мереке қарсаңында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Milenio порталының алдын ала мәліметінше, жарылыстан тоғыз адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алған.
Сондай-ақ жарылыс салдарынан жергілікті шіркеудің бір бөлігі құлап, үйінді астында адамдар қалуы мүмкін. Оқиға орнында құтқарушылар мен көршілес муниципалитеттерден келген жедел қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр.
Зардап шеккендер Атлакомулько жалпы ауруханасына жеткізілді. Мехико штатының билігі жарылысқа пиротехникалық бұйымдарды пайдалану себеп болғанын мәлімдеді.
Құтқарушылар үйінділерді тазарту жұмыстарын жалғастырып, жақын маңдағы ғимараттарды тексеріп жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты саны құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін анықталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!Тағы да оқыңыздар:
- 17:33, 7 қыркүйек 2026
Алматыда психиатриялық ауруханадан екі пациент қашып кеткен
- 17:29, 7 қыркүйек 2026
Найзағай мен нөсер жаңбыр: қазақстандықтарға 8 қыркүйектегі қолайсыз ауа райы туралы ескертілді
- 17:12, 7 қыркүйек 2026
Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогының кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
- 16:59, 7 қыркүйек 2026
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қай ел жеңіске жеткені анықталды
- 16:55, 7 қыркүйек 2026
«Алтын-Емелде» аспан оттай жанды: фотограф ерекше сәтті кадрге түсіріп алды





