Мейрамбек Беспаевтың жұбайы отбасындағы маңызды оқиғамен бөлісті

16:08, 20 қыркүйек 2024

© Сурет: Instagram/m_besbaev

Белгілі қазақстандық әнші, "МузАрт" тобының негізін қалаушы және солисті Мейрамбек Беспаев үшінші рет әке атанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоғыз жылдан кейін орын алған қуанышты хабармен әншінің жұбайы бөлісті.

"Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі — ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын",- деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол аяғы ауыр екенін көрсететін әсерлі бейнемен бөлісті.

Оқырмандар таңданыстарын жасырмастан, құттықтап, сәбидің аман-есен дүниеге келуін тіледі.

  • Құтты болсын, ама-есен балапаныңызды бауырыңызға басыңыз...
  • көз тимесін! Мейрамбек екеуіңнің ұрпақтарың көбейе берсін
  • Құтты болсын! Аман есен босанып алыңыз!
  • Тіл көзден аман болыңыздар. Өздеріңіз 100 жасап, ұрпағыңызбен мың жасаңыздар.
  • Қуанып ел болып бесік тойды тойлауға барайық

Айта кетейік, 8 шілдеде Мейрамбек пен Мархабат 20 жыл бірге болуына орай, фарфор үйлену тойын өткізді.

Ерлі-зайыптылардың екі баласы бар: қызы Кәусар (2007 жылы туған) және Ұлы Әбухайыр (2015 жылы туған).

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!