Mega Silk Way сауда үйі ресми түрде ашылды
Наурыз мерекесі күндері Mega сауда желісі орталықтарына жарты миллионға жуық халық келген. Ал кеше ғана ресми ашылған MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығын төрт күнде 151 мың адам аралаған.
Қазақстандық және Британдық құрылысшылар, дизайнерлер салған ірі сауда кешені халықтың көңілінен шықты. Орталықта қарапайым халықтың жайы ескерілген.
Қабанбай батыр даңғылы бойынан, Назарбаев университетіне қарама-қарсы тұстан жаңа сауда ойын-сауық орталығы ашылды. Оның ашылуына бірсыпыра адам жиылды.
Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығының арқасында елорда тұрғындары шопинг пен уақытты тиімді өткізудің жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізіп отыр.
Әділ Ахметов, Астана қаласының тұрғыны:
-Нағыз Жібек жолының көшелеріндей. Өте кең, әдемі, келген қонақ тәнті болмай кетпейді деп санаймын.
Ерлан Төленді, Астана қаласының тұрғыны:
-Күшті жерде орналасқан, қыдыруға ыңғайлы деп ойлаймын.
Жаңа фильмдерді асыға күтетін көрермендеріміз MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығында орналасқан Астанадағы ең үлкен экранды 11 кино залы және ыңғайлы қызмет алаңы бар Chaplin кинотеатрының тұрақты қонағына айналды.
Сауда жасап , Ұлы Жібек жолының «көшелерін» аралап болғаннан кейін, келушілердің кафе, мейрамханалар мен фуд-кортта тамақтанып алуларына болады.
Сауда ойын-сауық орталығында тіпті өзінің «Қалалық алаңы» бар, ол жерде концерттер, жәрмеңкелер және өзге де іс-шаралар өтеді, ал қыста ол алаң мұз айдынына айналады.
Айдын Сұлтанов, Astana Group компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры:
-Сауда орталығының бір ерекшелігі, көлемі – 140 мың шаршы метр, ені – 160 метр. Бұл жерде әлеуметтік маңызы зор орталық, театр, спорт алаңы бар.
Келушілер сауда үйін тіпті Жібек жолына балап жатты. Сөрелерде Қазақстанда тігілген киімдерден өзге халықаралық брэнд тауарлар да самсап тұр.
Ресми ашылу күнінде халық назарына мерекелік концерт берілді.
Авторлары: Индира Жылқайдарова, Мейрамбек Ақмаханов
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:59, 19 желтоқсан 2025
Ақтөбелік азамат аса ірі көлемдегі есірткі заттарын жалдамалы пәтерде сақтаған
-
16:54, 19 желтоқсан 2025
Жаңа жыл түні рұқсат етілетін ішімдік мөлшері белгілі болды
-
16:42, 19 желтоқсан 2025
Тараз қаласында төртінші «Келешек мектебі» ашылды
-
16:34, 19 желтоқсан 2025
-27°C дейінгі аяз бен қарлы боран: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
-
16:28, 19 желтоқсан 2025
Сәулетшілер Алматының тарихи келбетін сақтап қалу үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатыр





