«Медеу» өңірлік табиғи паркімен шекаралас 288 гектар жер мемлекетке қайтарылды

10:29, 8 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz

Алматы прокуратурасы "Медеу" өңірлік табиғи паркімен шекаралас 288 гектар жерді мемлекетке қайтарып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылдың 8 сәуірінде Алматы қаласының прокуратурасы таратқан ақпаратқа сай, қадағалау қызметі шеңберінде жалпы ауданы 288 га болатын 2 жер телімдері жеке меншікке заңсыз берілгендігі анықталды.

Даулы жер телімдері ауыл шаруашылығы мақсатындағы су қоры бар жерлерге жатады және сатып алуға жатпайды.

Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тапты.

Алматы қалалық сотының сот алқасы бірінші сатыдағы шешімді күшінде қалдырды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 17 млрд теңгеден астам даулы жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!