Қазақстанда ауа райы нашарлайды: 8 сәуірге арналған болжам
© Фото: unsplash
Синоптиктер 2026 жылғы 8 сәуір, сәрсенбіге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, елдің тек шығыс бөлігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстіктің таулы аймақтарында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Ал елдің солтүстігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте бұршақ пен дауылды жел болуы мүмкін.
Сонымен қатар мына өңірлерде:
- Қызылорда облысының шығысында,
- Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында және тау бөктерінде,
- Жамбыл облысының солтүстік-батысында және батысында,
- Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде,
- Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында,
- Қарағанды облысының оңтүстігінде,
- Абай облысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:52, 7 сәуір 2026
Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды
-
19:11, 7 сәуір 2026
Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионатының финалына шықты
-
19:01, 7 сәуір 2026
Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады
-
18:50, 7 сәуір 2026
Қазақстандық үш балуан грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола медалі үшін күреседі
-
18:20, 7 сәуір 2026
Боксшы Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының финалына шықты





