Қазақстанда психологтарға дәрі-дәрмекпен емдеуге тыйым салу ұсынылуда
© Фото: freepik
2026 жылғы 8 сәуірде Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар "Психологиялық көмек көрсету туралы" заң жобасын қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Депутат Айна Мусралимова заң жобасын Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірлегенін атап өтті. Құжат психолог қызметін кешенді құқықтық реттеу, соның ішінде осы саладағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары, принциптері мен міндеттерін анықтауды көздейді.
Сонымен қатар, заңда психологтардың және психологиялық көмек алушылардың құқықтары мен міндеттері белгіленеді: құпиялылықты қамтамасыз ету, ақпараттандырылған келісім алу, кәсіби және этикалық стандарттарды сақтау сияқты талаптар енгізілген.
"Заң жобасында психологтар үшін бірыңғай мемлекеттік тіркелім енгізу ұсынылады. Бұл тіркелімге ену кәсіби қызметті жүзеге асырудың міндетті шарты болады. Сондай-ақ, заңда психологиялық көмек пен медициналық қызметті ажырату қарастырылған, оның ішінде психологтарға дәрі-дәрмекпен емдеуге тыйым салу көзделген. Бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді және психологиялық көмек көрсету кезінде азаматтардың қауіпсіздігін арттырады", – деді депутат.
Заң жобасында сондай-ақ психолог қызметінің кәсіби стандарты енгізіледі. Ол психологтың құзыреттілігіне, біліктілігіне және қызмет мазмұнына қойылатын талаптарды анықтайды. Депутаттардың пікірінше, бұл көрсетілген қызмет сапасының біркелкі деңгейін сақтауға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Айна Мусралимова психологтар адамның денсаулығына зиян келтірсе, қандай жауапкершілік қарастырылатынын айтып берген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:35, 8 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президентінің арнаулы өкілін қабылдады
-
14:23, 8 сәуір 2026
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
-
14:11, 8 сәуір 2026
Алматыда 10 ойын-сауық мекемесінің жұмысы тоқтатылды
-
13:54, 8 сәуір 2026
Соңғы үш жылда 104 бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлап қаза тапты
-
13:37, 8 сәуір 2026
Павлодар облысында қызметтік иттердің көмегімен 64 қылмыстың беті ашылды





