Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

19:01, 7 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz

Жетісу көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, 8 сәуір күні сағат 8:00-ден 20 сәуір күні сағат 8:00-ге дейін Мақатаев көшесінен Янушкевич көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс ішінара шектеледі.

"Жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Еске салайық, қозғалысқа қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, Telegram-дағы @AlmatyJoly арнасында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталар" сервистерінде жарияланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!