Мәдениет саласындағы Тұңғыш Президент стипендиясы екі есеге артады

10:26, 29 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz

Қазақстанда Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл туралы тиісті Президент Жарлығының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, стипендия көлемі 55 айлық есептік көрсеткіштен 110 АЕК-ке дейін арттырылады.

Жоба қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында 18 мамырға дейін орналастырылған.

Бұл стипендияның негізгі мақсаты – Қазақстан мәдениетінің дамуына үлес қосқан шығармашылық қызметкерлер мен өнер қайраткерлерін қолдау.

Стипендия жыл сайын 75 мәдениет қызметкеріне тағайындалады.

Осы өзгеріс күшіне енген жағдайда, 2026 жылы стипендия мөлшері шамамен 475 750 теңгені құрайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!