Тұрақ тәртібін бұзған көліктерді ақылы эвакуациялау басталды
© Фото: Zakon.kz
Астанада жол қозғалысы ережесін бұзған көліктерді ақылы түрде эвакуациялау басталды.
Енді рұқсат етілмеген жерге көлігін қалдырған жүргізушілер әкімшілік айыппұлмен қатар эвакуация қызметінің де ақшасын төлейді, деп жазады qazaqstan.tv.
Жалпы жыл басынан бері 56 мыңнан астам тұрақ ережесін бұзу дерегі тіркелген. Полицияның мәліметінше, заңбұзушылықтардың басым бөлігі жол белгілері мен таңбаларын елемеумен байланысты. Бейберекет қойылған темір тұлпарлардың кесірінен кептеліс көбейіп, қозғалыс қиындайды.
Ең алдымен жаяу жүргіншілер өткеліне, тротуарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарға қойылған машиналар әкетіледі.
Эвакуациялау үдерісі толық цифрландырылған. Арнайы камералар заңбұзушылықты анықтап, ақпаратты полицияға жолдайды. Кейін жүргізушіге eGov Mobile арқылы хабарлама жіберіледі.
Егер жүргізуші дер кезінде келіп үлгерсе, көлік орнында қалады, тек айыппұл салынады. Ал алып кеткен көлікті қайтару үшін алдымен полициядан рұқсат алу қажет.
Қызмет құны – 3 айлық есептік көрсеткіш, оған қоса сақтау ақысы тағы бар. Жаңа талап тәртіпке үйрете ме, тұрғындардың пікірін білген едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:45, 29 сәуір 2026
Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған жүргізуші анықталды
-
11:37, 29 сәуір 2026
Президент «Әл-Фараби» орденін құру туралы Жарлыққа қол қойды
-
11:09, 29 сәуір 2026
224 миллион доллар айналым: ҚМА ТМД-дағы ең ірі криптоқызмет туралы жаңа мәліметтерді жариялады
-
10:58, 29 сәуір 2026
Павлодарда алаяқтарға қарсы күрес: 98 интернет-қылмыс тоқтатылды
-
10:34, 29 сәуір 2026
Алматы – Өскемен тасжолында қозғалыс схемасы уақытша өзгерді





