Мбаппе жарақатынан жазылып, «Реал Мадрид» сапындағы жаттығуына қайта оралды

10:04, 17 желтоқсан 2024

© Сурет: Instagram/k.mbappe

Чемпиондар лигасының 6-турының "Аталантамен" сәтті матчынан кейін (3:2) Киллиан Мбаппе командалық жаттығуға оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Times Of India дерегінше, француз шабуылшысы бүгінде алдағы кездесулерге қызу дайындыққа кіріскен.

Осы маусымда Мбаппе турнирлерде 21 кездесуге қатысып, онда 11 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Мбаппе "Пари Сен-Жермен" клубынан кететінін ресми түрде мамыр айында мәлімдеген болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!