Мас күйде көлікте отырған әкімге қатысты тексеру басталды
© Сурет: видеодан кадр
"Бізде бәрі чики-чики" деп елді шулатқан шалқарлық шенеуніктер желіні тағы "жарды". Жексенбі күні әлеуметтік желіде тараған видео көпшіліктің қызу талқысына түсті. Жазбадағы ер адамның әңгімесіне қарап, жағдай Шетырғыз ауылында болған деп топшыладық, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.
Видео авторының сөзіне қарағанда, көліктің ішіндегі ауылдың әкімі. Астына мінгені қызметтік көлік екенін айтып, нөмірін де көрсетеді. Ал ер адам видеода үн қатпайды. Тек бетін көлегейлей береді. Кикілжіңнің неден туындағанын түсіну қиын. Мәселенің мән-жайын Шалқар ауданының әкімінен сұрап білдік. Видеодағы жайттың Шетырғыз ауылында болғанын аудан басшысы растады.
Жанболат Жидеханов, Шалқар ауданының әкімі:
Ол туралы видеоролик шықты. Біз сөйлестік, шақыртып алдық. Әкім арақ ішкен жоқпын дейді. Ол жерде маған тиісті, ұрды дейді. Керісіп қалған ғой бір ауылдың баласымен. Сосын біз тергеу органдарына бердік оны. Әкімнің өзі берді. Әрі қарай Сағитжановичтікі дұрыс па, олардікі дұрыс па, оның бәрін қазір қызметтік тексеру жүргізіп жатыр содан кейін жауабы болады.
Ал Мемлекеттік қызмет істері агенттігіннің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бұқаралық ақпарат құралында жарияланған материал зерделенетінін мәлімдеді. Қызметтік тергеп-тексеру үшін Шалқар аудандық әкімдігіне хат жолданған. Егер дерек расталса, Шетырғыз ауылы әкімінің әрекеті әдеп жөніндегі кеңесте қаралмақ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





