Марадонаның әйгілі «Құдайдың қолы» добы АҚШ-та 3,3 млн долларға сатылды

15:57, 25 тамыз 2026
MKZ: 1563317

© Сурет: Instagram/maradona

1986 жылғы әлем чемпионатында аты аңызға айналған Диего Марадона "Құдайдың қолы" деп аталып кеткен голын соққан футбол добы жақында аукционда 2,5 млн фунт стерлингке (3,3 млн доллар) сатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыдан тура 40 жыл бұрын Марадона әлемге әйгілі болды. Әлем чемпионатының ширек финалында Аргентина Англияны 2:1 есебімен жеңген еді. Сол ойында Марадона Питер Шилтон қорғаған қақпаға алғашқы голды қолымен ұстап қалды.

Кейін бұл гол "ғасыр голы" деген атауға ие болды. Себебі Диего Марадона допты қақпаға бағыттағанға дейін Англияның бес ойыншысын алдап өткен.

Кейін Марадона журналистерге бұл голды "аздап басымен, аздап Құдайдың қолымен" соққанын айтқан. Атақты доп бірнеше күн бұрын АҚШ-тағы Heritage Auctions аукционында 3,3 млн долларға сатылды.

Бастапқыда доптың шамамен 10 млн долларға (7,3 млн фунт стерлинг) сатылатыны болжанған.

"Бұл – шын мәнінде бірегей жәдігер. Бәлкім, әлемдегі ең маңызды футбол артефактісі шығар", – деді аукцион үйінің өкілі Майк Провенцале.

1986 жылғы матчқа төрелік еткен тунистік арбитр Али бин Нассер ойын аяқталғаннан кейін Adidas Azteca добын өзіне алып, оны отыз жылдан астам уақыт сақтаған.

2023 жылы ол доптың сол матчта пайдаланылған жалғыз доп болғанын растайтын хатқа қол қойған. Бұл дерек кейін тәуелсіз сараптама арқылы да расталды.

Төрт жыл бұрын Бин Нассер бұл допты 2,37 млн долларға (1,74 млн фунт стерлинг) сатқан. Ал Марадонаның сол матчта киген жейдесі 2022 жылы аукционда 7,1 млн фунт стерлингке сатылған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!