Маңғыстаудағы түнгі жанжал адам өліміне ұласуға шақ қалды: екі адам ауыр жараланды

15:36, 10 шілде 2026

© Фото: Zakon.kz

Маңғыстау облысында қарулы жанжал болып, салдарынан екі ер адам ауыр жарақат алды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 9 шілдеде Ақшұқыр ауылында оқ жарақатын алған екі жас жігіт ауруханаға жеткізілген.

Аталған факті бойынша адам өлтіруге оқталу, бұзақылық, сондай-ақ суық қаруды заңсыз алып жүру және өткізу баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер оқиғаның мән-жайын алдын ала анықтап, жанжалға қатысқан күдіктілерді ұстады.


"Қазіргі уақытта төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қаза тапқандар жоқ", – деп хабарлады Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін, 8 шілдеде, Ақтаудағы ойын-сауық орындарының бірінде келушілер арасындағы сөзге келіспеушілік қайғылы жағдайға ұласуға шақ қалған еді. Жанжал барысында ер адамдардың бірі қарсыласының бетіне дабыл беру құрылғысынан оқ атқан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!