Маңғыстауда Бекет атаға барған үш адам із-түзсіз жоғалып кетті

13:30, 5 шілде 2026

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Маңғыстау облысында жер асты мешіті – Бекет атаға барғаннан кейін байланысқа шықпай қалған үш адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Іздеу операциясына полиция қызметкерлері, құтқарушылар, тікұшақтар мен арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, 2 шілде күні 34 жастағы Қанатбек Жұбатқанов, 31 жастағы Ақмарал Бисенова және 20 жастағы Мархабат Бисенова Great Wall маркалы автокөлікпен Бекет ата жерасты мешітіне қарай жолға шыққан.

Олар кейінгі рет сол күні сағат 16:15 шамасында байланысқа шығып, WhatsApp арқылы мешіт аумағынан видео жіберген. Содан кейін олармен байланыс үзілген, деп жазды Lada.kz.

Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, "Охотзоопром" РМК мамандары және өзге де жедел қызмет өкілдері қатысып жатыр. Іздеу бірнеше бағыт бойынша тікұшақтар, арнайы техника және басқа да қажетті жабдықтардың көмегімен жүргізілуде.

Сондай-ақ еріктілер өңір тұрғындарын іздеу жұмыстарына қолдау көрсетуге шақырды. Әсіресе, аумақты әуеден шолуға мүмкіндік беретін дрондары бар еріктілердің көмегі қажет.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!