Ақтөбеде 1500 домбырашы бір мезгілде бірге күй тартты
© Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұлттық домбыра күніне орай бүгін "Қазақ халқына мың алғыс" стелласы алаңында "Бабамнан қалған аманат – асыл домбыра" атты мәдени-көпшілік шара өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық өнердің алтын арқауы саналатын домбыраны ұлықтау, қазақтың дәстүрлі күй өнері мен халық әндерін кеңінен насихаттау арттыру.
Мерекелік концерттің шымылдығы ақын Қадыр Мырза Әлінің "Нағыз қазақ – Домбыра" өлеңімен ашылып, біріккен оркестрдің орындауындағы Түркештің "Көңілашар" күйімен жалғасты.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Концерт барысында қазақтың ұлттық күй өнері мен дәстүрлі музыкасының үздік туындылары орындалды.
Қазақстанның Халық әртісі Айгүл Үлкенбаева өнер көрсетті. 1500 домбырашы ұлттық күй өнерінің жауһарлары – Құрманғазы Сағырбайұлының "Балбырауын" және "Адай", Әбдімомын Желдібаевтың "Ерке сылқым" күйлерін бір мезгілде бірге орындады.
Сонымен қатар, Ақтөбеде "Домбыра және дәуір" көрмесі ашылып, белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды.
Экспозицияда белгілі күйшілер Балтұрсын Сарыбаева, Айса Шәріпов, Бақыт Басығараев, Момын Байғанин, Қазақстан Республикасының халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайберген, ақын Бәкір Тәжібаев, генерал-лейтенант Жансен Кереев, мәдениет қайраткері Еркін Құрманбек және басқа да танымал тұлғаларға тиесілі домбыралар қойылған.
Көрменің жеке бөлімі белгілі қазақстандық шеберлер Сүндет Нұрымов, Қарамұқан Басшин, Құтым Қасенов, Еркөсай Әбілов, Жетес Жамеков және жас шебер Мұратхан Танатарұлы жасаған ұлттық музыкалық аспаптарға арналды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:26, 4 шілде 2026
Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:02, 4 шілде 2026
Кейбір көліктер күзде 50 пайызға дейін арзандауы мүмкін - сарапшы болжамы
-
16:10, 4 шілде 2026
Елімізде әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелеріне қатысуын арттыру бойынша жаңа жоспар қабылданды
-
16:01, 4 шілде 2026
Алматы облысында құтқарушылар жеке тұрғын үй аумағынан жылан ұстап алды
-
15:33, 4 шілде 2026
Жер бетінде қатты магниттік дауыл жүріп жатыр








