«Қазгидромет» бес қала тұрғындарына ауа ластанатыны туралы ескертті

09:15, 5 шілде 2026

© Сурет: pixabay

"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 5 шілдеде Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластану деңгейі жоғарылауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, 5 шілдеде Орал, Ақтөбе, Жезқазған, Балқаш қалаларында, ал Атырау қаласында түнгі уақытта қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – желдің болмауы немесе әлсіз соғуы, тұман, ауа температурасының инверсиясы сияқты қысқа мерзімді ауа райы факторларының жиынтығы. Мұндай жағдайда атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды ластаушы заттар жиналып, ауа сапасы нашарлайды.

Осыған байланысты тұрғындарға, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында ашық ауада ұзақ уақыт болмауға кеңес беріледі.

Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық сырқаттары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін бірге алып жүруі қажет.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!