Маңғыстау облысының экс-әкімі өңір тұрғындарына алғыс айтты

© Сурет: akorda.kz
Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев әкімдіктің Telegram-каналында облыс тұрғындарымен қоштасты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Құрметті маңғыстаулықтар, қадірлі жерлестер! Өздеріңізбен бірге өңіріміздің дамуы мен игілігі үшін жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе болды. Үш жылға жуық уақыт бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев маған Маңғыстау облысын басқаруды тапсырды, осы үлкен сенімі үшін Президентімізге рахмет айтамын. Маңғыстаудағы қызметім барысында әрдайым Президентіміздің қолдауына ие болып, білімімді, кәсіби, өмірлік тәжірибелерімді, біліктілігімді өңірдің дамуына жұмсадым. Менің барлық жұмысым Сіздердің көз алдарыңызда болды, өздеріңізбен түрлі мәселемен жиі жүздестік, келісіп отырып қажет шешімдерді қабылдадық. Атап айтқанда, өндіріс орындарын, шаруашылықтарды, тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету, МАЭК-тің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, инженерлік желілерді жаңарту, негізсіз бөлінген жер телімдерін қайтару және заңсыз құрылыстармен күресу бағытында, т.т. ауқымды жұмыстар атқарылды". Нұрлан Ноғаев
Ноғаев үш жыл ішіндегі облыс игілігі үшін бірлескен нәтижелі еңбегі үшін тұрғындарға алғыс айтты.
"Әріптестеріме, әр деңгейдегі депутаттық корпусқа, барлық кәсіпорындар ұжымына, жастарға, қоғамдық және этномәдени бірлестіктерге, құрметті ардагерлерге – барша маңғыстаулықтарға шынайы алғысымды білдіремін! Ашық аспан астындағы мұражай атанған осынау киелі өлкеде өткен кезең менің жүрегімде жылы естелік болып мәңгі сақталады. Маңғыстау - экономикасы нық, даму әлеуеті зор өңір. Ең бастысы өз елін сүйетін, оның гүлденуі үшін барын салатын рухы биік халқы бар. Сіздерге барлық жақсылықты тілей отырып, табыс пен жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге шын жүректен тілектеспін!", - деді Нұрлан Ноғаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 21 мамыр 2025
Алматыда Джей Лоның концерті өтетінін білген «Қайрат» футбол клубы аң-таң
-
22:45, 21 мамыр 2025
«Найзағай, бұршақ, қатты жел». Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:54, 21 мамыр 2025
Астанада ат спортынан әлемдік деңгейде бірнеше жарыс өтеді
-
21:44, 21 мамыр 2025
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің форумы осы саладағы ең ауқымды іс-шаралардың біріне айналды
-
20:55, 21 мамыр 2025
Ақтөбеде куәгерден ақша бопсалаған екі әскери тергеуші сотталды