Маңғыстау облысындағы саябаққа «Мәңгілік ел» монументі орнатылды
Маңғыстаудың ең жас ауданы Мұнайлыға 10 жыл толды. Мерейлі мерекеде Маңғыстау ауылында «Мәңгілік ел» монументі бой көтерді. Тәуелсіздік саябағына қойылған сәулет ескерткішін жергілікті шеберлер жасаған.
Ұлутастан салынған нышанның биіктігі 12 метр екен. Төбесіне алтын қыран қонған монумент жанында «Мұнайлы колоннасы» тұр. Жеті бағана Елбасы жарлығымен 2007 жылы құрылған ауданға қарасты елді мекендер санын білдіреді. Саябақ құрылысы мен абаттандыруға туған жерін түлетуге ниетті азаматтар қол ұшын беріпті. Мерейтойға келген көпшілік Ұлы Отан соғысы мен Ауғанстан және тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан қазақстандықтарға арналған ескерткіш тақталарға гүл шоғын қойды. Салтанатты шара 2050 жылғы жас ұрпаққа аманат-хат салынған капсуланы саябаққа қоюмен түйінделді.
Алдаберген Амандық, Мұнайлы ауданының тұрғыны:
-Қирап қалған саябақты қолға алып аудан әкімі азаматтары мынадай келбетті «Мәңгілік ел» боларлық, ел жақсы демаларлық саябаққа айналдырды. Бұл азаматтардың жасап жатқан әрекеттері – қуанарлық іс. Мен алғаш кезде келгенімде бұл жерде 10 шақты ғана үй бар еді. Қазір адам танымастай. Халқымыздың саны 150 мыңға тарта көбейді. Бұл, шүкір, егемендіктің арқасы деп ойлаймын.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:39, 11 маусым 2026
Халықаралық шаңғы спорты федерациясының жаңа президенті сайланды
-
22:43, 11 маусым 2026
Қазақстан Түркиядағы садақ атудан әлем кубогы кезеңінде тағы да үздік ондыққа енді
-
22:24, 11 маусым 2026
ISU 2028 жылы тарихи біріктірілген әлем чемпионатын өткізетінін жариялады
-
22:21, 11 маусым 2026
Алматы әуежайы аумағындағы құрылыс алаңында болған оқиғадан кейін тексеріс басталады
-
21:11, 11 маусым 2026
Шымкентте әйелден аса ірі көлемдегі есірткі тәркіленді





