Маңғыстау облысында төтенше жағдай: сарай едені опырылып, адамдар жертөлеге құлап кеткен
© Фото: Zakon.kz
Маңғыстау облысындағы Сайын Шапағатов ауылында орналасқан шаруашылық құрылыстарының бірінде төтенше жағдай болды. Сарайдың едені опырылып, адамдар жертөлеге құлап, зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz басылымының жазуынша, Түпқараған аудандық әкімдігі оқиғаның 2026 жылғы 15 мамыр күні кешке болғанын мәлімдеді. Жеке тұрғын үй ауласындағы сарайдың едені опырылып түскен.
Сол сәтте ішінде 10 адам болған. Олардың екеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Қалғандарының жағдайы тұрақты болғандықтан, үйлеріне жіберілген.
"Аталған дерек бойынша уәкілетті органдар тексеру және тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр", – деп хабарлады әкімдік өкілдері.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі нейрохирургия бөліміне жатқызылған 39 жастағы әйелдің бас-ми жарақатын алғанын мәлімдеді. Ал 35 жастағы зардап шегушіге мойын омыртқасының жабық сынуы диагнозы қойылған.
"Олар дәрігерлердің бақылауында. Сонымен қатар осы оқиғадан зардап шеккен тағы жеті адамға медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық ем алуға жіберілді", – деп хабарлады медициналық мекеме.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:40, 17 мамыр 2026
Шымкенттегі уақытша ұстау изоляторында 23 жастағы қыз көз жұмды
-
09:33, 17 мамыр 2026
Қазақстан халқы Құрбан айтта қанша күн демалады
-
09:33, 17 мамыр 2026
Құрбан айт: қазақстандықтарды қосымша демалыс күні күтеді
-
09:02, 17 мамыр 2026
Тоқаев ТМҰ саммитінің қорытындысы бойынша жиналыс өткізді
-
18:39, 16 мамыр 2026
Қызылордада AI-KERIM оқу-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді





