Бұқараның президентке деген сенім деңгейі жоғары – әлеуметтік сауалнама
© Сурет: Zakon.kz
ҚР президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) тапсырысы бойынша 2026 жылғы сәуір айында қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша ел президентіне деген сенім деңгейі 86,7% құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған көрсеткіш соңғы жылдары тұрақты жоғары деңгейде сақталып, қоғамның елді жаңғырту мен жүйелі реформалар бағытын берік қолдайтынын айғақтайды, деп нақтылайды ғылыми институт.
"Президентке деген ең жоғары сенім деңгейі жастар арасында тіркелді – 91,4%. Бұл үрдіс сенім сипатының сапалық ерекшелігін көрсетеді. Жас буын мемлекет тарпынан ұсынылатын білім гранттары, түрлі бағдарламалар, цифрлық қызметтер және өзге де қолдау тетіктерін жиі пайдаланады. Сонымен қатар бүгінгі жастар елдің қарқынды даму кезеңінде қалыптасып келеді, бұл жағдай Президентке деген сенім деңгейіне де ықпал етпей қоймады".
Президентке деген жоғары сенім деңгейі қала тұрғындары (86,9%) мен ауыл халқы (86,7%) арасында да анық байқалады. Дегенмен сенімнің мән-мазмұны әртүрлі. Ауыл тұрғындары мемлекетпен инфрақұрылымдық жобалар, әлеуметтік бағдарламалар мен төлемдер арқылы тікелей байланыс орнатса, қала тұрғындарының сенімі жүйелі өзгерістерді қабылдаумен және олардың нәтижелерін бағалаумен көбірек байланысты.
Ерлер де, әйелдер де Президентке жоғары деңгейде сенім білдіреді. Соған қарамастан, әйелдер арасындағы сенім деңгейі ерлермен салыстырғанда 3,8 пайызға жоғары.
Білім деңгейі тұрғысынан жүргізілген талдау Президентке деген сенім көрсеткішінде елеулі айырмашылықтарды анықтаған жоқ. Респонденттердің білім деңгейіне қарамастан, бұл көрсеткіш тұрақты түрде жоғары деңгейде сақталуда.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, азаматтардың сатып алу қабілеті артқан сайын Президентке деген сенім деңгейі де өседі. Бұл экономикалық жағдайды оң бағалау мен Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатын қолдау арасындағы өзара байланысты аңғартады.
"Осылайша, алынған деректер Президентке деген сенімнің тұрақты сипатқа ие екенін және оның білім деңгейіне тәуелді еместігін, қала мен ауыл тұрғындары арасында айтарлықтай айырмашылық байқалмайтынын, сондай-ақ барлық жас топтарында жоғары екенін көрсетеді. Бұл өз кезегінде елді дамыту саясатына жүйелі қоғамдық қолдаудың бар екенін айғақтайды".
Әлеуметтанулық сауалнама ҚСЗИ тапсырысы бойынша 2026 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. Іріктемелік жиынтық көлемі – 8 000 респондент. Сауалнамаға 18 жастан асқан, еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаласының – Астана, Алматы және Шымкенттің тұрғындары қатысты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:37, 16 мамыр 2026
«Үсік жүреді». Еліміз бойынша 17 мамырға арналған ауа райы болжамы
-
16:22, 16 мамыр 2026
Тәртіп сақшылары алаяқтықтың жаңа схемалары пайда болғанын ескертті
-
15:32, 16 мамыр 2026
Мемлекет басшысы зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды
-
14:50, 16 мамыр 2026
Астанада LRT жобасының екінші кезеңі іске асырыла бастады
-
14:48, 16 мамыр 2026
Тоқаевқа Астанадағы LRT жүйесімен қатынау үшін 001 сериялы карта берілді





