Қазақстанда төрт адам ірі көлемдегі есірткі сату және заңсыз кәсіпкерлік үшін 16–18 жылға сотталды
© Фото: Zakon.kz
Маңғыстау облысында интернет арқылы жұмыс істейтін "ДУН ОПЕРАТОР" есірткі сату интернет-дүкенін ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топқа қатысушыларға үкім шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
27 наурыз 2026 жылғы Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, жүргізілген жедел-тергеу шаралары және қаржы ағынын талдау нәтижесінде Жамбыл, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласында төрт адам ұсталған.
Тергеу барысында олардың қолынан заңсыз жолмен алынған 2 млрд теңгеден астам ақша және жалпы құны 100 млн теңгеден асатын мүліктер тәркіленді.
Сонымен қатар, заңсыз айналымнан ірі көлемдегі есірткі заттары алынған. Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер соты 19 ақпан және 20 наурыз 2026 жылдары өткен сот отырысында топ мүшелерін трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында есірткі сату, ірі көлемде есірткі сақтау, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және заңсыз жолмен алынған ақшаны легалдау қылмыстарымен айыпты деп таныды.
Оларға 16–18 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Тәркіленген ақшалар мемлекет кірісіне алынды, сондай-ақ сотталғандарға тиесілі люкс автокөліктер де тәркіленіп, қамауға алынды.
Сот үкімдері әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, ақпан айында Алматыда психотроптық заттарды өндіру және сату бойынша жұмыс істейтін ұйымдасқан қылмыстық топ жойылған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:47, 27 наурыз 2026
Сәуірден бастап көлік салығын төлемегендерге өсімпұл қосылады
-
14:31, 27 наурыз 2026
Оралда полицейлер 2 млн теңгенің пәтер ұрлығын ашты
-
14:13, 27 наурыз 2026
Өмір бойы армандаған сапары қайғымен аяқталды: Таиландта комаға түскен қыз көз жұмды
-
13:55, 27 наурыз 2026
ІІМ кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсету әрекетінің жолын кесті
-
13:41, 27 наурыз 2026
Ақтөбеде 36 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жолаушылар тасымалымен айналысқан





