Мамыр айынан бастап Қазақстаннан 10 елге қатынайтын жаңа әуе маршруттары іске қосылады
© Сурет: gov.kz
2025 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстаннан 10 елге ұшуға мүмкіндік беретін жаңа әуе маршруттар орындала бастайды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлік министрлігі жаңа халықаралық әуе маршруттарын іске қосу аясында тұрақты жұмыс жүргізуде.
"Мәселен, осы жылдың мамыр айынан бастап Қазақстаннан 10 елге ұшуға мүмкіндік беретін жаңа әуе бағыттары ашылады. Бұл мемлекеттердің қатарында Мажарстан, Германия, Түркия, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Корея және Вьетнам бар", делінген хабарламада.
"SCAT" әуе компаниясы мамыр айында Шымкент қаласының әуежайынан төмендегідей жаңа әуе маршруттарды ашуды жоспарлап отыр:
27 мамырдан бастап:
- Шымкент – Будапешт (Мажарстан), аптасына 2 рейс;
- Шымкент – Мюнхен (Германия), аптасына 3 рейс;
29 мамырдан бастап:
- Шымкент – Шанхай (Қытай), аптасына 2 рейс;
- Шымкент – Сеул (Корея), аптасына 2 рейс;
Сондай-ақ "Air Astana" әуе компаниясы бірқатар жаңа халықаралық авиамаршруттарды іске қосуды жоспарлап отыр:
14 мамырдан бастап: Астана – Дананг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;
27 мамырдан бастап: Атырау – Тбилиси (Грузия), аптасына 3 рейс;
28 мамырдан бастап: Алматы – Ош (Қырғызстан), аптасына 4 рейс;
31 мамырдан бастап: Атырау – Баку (Әзербайжан), аптасына 3 рейс;
"Fly Arystan" әуе компаниясы:
18 мамырдан бастап: Алматы – Құлжа (Қытай), аптасына 2 рейс;
28 мамырдан бастап: Астана-Газипаша (Түркия), аптасына 2 рейс;
"Өзбекстандық "My Freighter" (Centrum Air) әуе компаниясы биылғы жылдың 5 мамырынан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Ташкент (Өзбекстан) бағытын іске қосты. Сондай-ақ, осы жылдың 13 мамырынан бастап "Azerbaijan Airlines" әуе компаниясы Астана – Баку (Әзірбайжан) бағыты бойынша рейстердің жиілігі аптасына 3-тен 4 ретке дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр", делінген министрлік хабарламасында.
Бұған дейін 5 мамырдан бастап Алматыдан Ташкентке жаңа рейс ашылатыны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





