Маминнің баспасөз қызметі өз қызметкері көрініс тапқан қылмыстық іске қатысты үн қатты
Асқар Маминнің баспасөз қызметі ҚР Премьер-министр кеңсесінің қызметкері күдікті ретінде тартылған қылмыстық іс туралы ақпаратқа қатысты үн қатты, деп хабарлайды zakon.kz.
Ведомства қызметкері газ сату ісі бойынша күдікті болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан бойынша департаментінің хабарламасында газ сатуға қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде тартылған деп көрсетілген ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің қызметкері бұрын Маңғыстау облысының Ақтау әкімдігінде жұмыс істеген және кеңсеге 2020 жылдың наурызында жұмысқа қабылданған. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары оның Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарындағы жұмыс кезеңіне қатысты, деп атап өтті құзырлы мекемедегілер
Бүгін - 27 қарашада ҚР Премьер-министрі кеңсесінің қызметкері тергеу жүргізіліп жатқан іс бойынша күдікті болып табылады, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдолла "Antikor ortalygy" орталығында өткен брифингте.
- Біздің тергеу барысында Маңғыстау облысының қажеттілігіне арналған 3,5 мың тоннакөгілдір отынның Қарағанды аумағында 252 миллионнан астам теңгеге сатылғаны анықталды. Босатылғаннан бастап тұтынушыға жеткенге дейінгі сату бағасы асыра бағаланып, үш еседен астам болды. Күдіктілердің бірі - Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің белсенді қызметкері, екі адам қамауға алынды, бұл іс бойынша тергеу әлі жүріп жатыр, - деді Қабдолла.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:27, 26 сәуір 2024
Әлемдік жұлдыз Зендея жаңа фильмнің түсірілімінен қанша табыс табады
-
09:09, 26 сәуір 2024
Шымкентте жалған полицейлер ұсталды
-
22:53, 25 сәуір 2024
Түркістанда әкімдік қызметкері комиссия отырысында балабақша иесін ұрып жіберген
-
22:19, 25 сәуір 2024
Олжас Бектенов Анкарада Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті
-
22:19, 25 сәуір 2024
Олжас Бектенов Анкарада Режеп Тайып Ердоғанмен сөйлесті