Мамин екі жаңа министрін таныстырды

20:23, 18 қаңтар 2021

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ұлттық экономика, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің ұжымдарына жаңа тағайындалған министрлер Әсет Ерғалиев пен Серік Шәпкеновты таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкімет басшысы бұрынғы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовке, сондай-ақ бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты. Жаңа ұлттық экономика министрін таныстыра отырып, Асқар Мамин Әсет Ерғалиевтің жоғары кәсібилігі мен құзыреттілігін атап өтті. Түрлі жылдары ол Еуропа қайта құру және даму банкінде аймақтық бас сарапшы, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ұлттық экономика вице-министрі, Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Осы уақытқа дейін ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметін атқарды, делінеді Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсында жарияланған хабарламада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!