«Маған Алматының түтіні мен кептелісі керек»: алматылықтың Астана туралы әзіл видеосы желіде қызу талқылануда
© Сурет: Алматы мен Астана әкімдігі
Қазақстандық танымал актерлер Таня Турлай мен Шыңғыс Капин "Астанадағы алматылықтарға қолдау көрсету қызметі" деп аталатын қызықты видео түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Роликтің сценарийі бойынша, Турлай Астанада жүрген алматылық қыздың рөлін сомдайды. Ол Капин сомдайтын "қолдау қызметінің" қызметкеріне қоңырау шалады.
"Сәлеметсіз бе. Менің дегбірім қашып тұр, тыныс алуым өте жеңіл жүріп жатыр!" – деп шағымданады Турлай.
Қызметкер оның жағдайын түсініп, мобильді банкингті ашуды ұсынады да, сұрақ қояды:
"Ипотеканы көріп тұрсыз ба? Қарыздарыңыз бар ма? Дем алу қиындады ма?"
Қыз барлық сұрағына "иә" деп жауап бергенінен кейін қызметкерге тағы бір сұрақ қояды.
"Мен түсіне алмай тұрмын: қай жері жоғары, қай жері төмен? Мен "Бәйтеректің" жанында тұрмын".
Сонда Капин сенімді түрде:
"Қараңыз, елордада жоғары деген әрқашан Ақорда жақ. Сол жаққа қарай жүріңіз", – дейді.
Алайда алматылық қыздың сұрағы мұнымен бітпейді. Ол қайтадан көмек сұрайды:
"Сол жағалаудамын, бірақ ескі бес қабатты үйді таба алмай жүрмін. Мұнда үйлердің бәрі тұрғын үй кешені!"
Қызметкер тағы да пайдалы кеңес береді.
"Сабыр сақтаңыз. Дәл қазір кокос сүті қосылған раф алыңыз да, LRT-ға отырып, әуежай жаққа барыңыз. Сосын Алматыға қайтыңыз".
Сол сәтте Турлай:
"Мен Алматыға қатты қайтқым келіп тұр. Кептелісте екі сағат тұрғым келеді. Жол құрылысының шаңын, түтінді қалаймын!" – дейді Турлай көз жасына ерік беріп.
Посмотреть эту публикацию в InstagramИсточник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!Тағы да оқыңыздар:
- 23:56, 23 қазан 2026
Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады
- 22:38, 23 қазан 2026
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған
- 22:23, 23 қазан 2026
Даниил Медведев Almaty Open ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
- 22:07, 23 қазан 2026
Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті
- 21:50, 23 қазан 2026
Циципас Almaty Open ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты





