Lamborghini бес мың долларға жуық тұратын балалар арбасын шығарды

13:45, 31 тамыз 2026
MKZ: 1564386

© Сурет: Facebook/lamborghini

Италиялық компания жақында құны 4 900 доллар тұратын балалар арбасын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балалар арбасы брендке тән сары түспен безендіріліп, Y-тәрізді өрнекпен көмкерілген. Сондай-ақ онда автокөлік салонында қолданылатын күдері, табиғи былғары және толыққанды аспасы бар дөңгелектер пайдаланылған. Бұл туралы компанияның сайтында айтылған.

Lamborghini бес мың долларға жуық тұратын балалар арбасын шығарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2026 13:45

Сурет: lamborghini

Компания барлығы 500 дана арба шығаруды жоспарлап отыр. Әрқайсысына жеке нөмір және түпнұсқалығын растайтын голограмма беріледі.

Lamborghini бес мың долларға жуық тұратын балалар арбасын шығарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2026 13:45

Сурет: lamborghini

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!