Қызылордада «жеңілдікпен пәтер алып беремін» деп алдап, жұртты сан соқтырған қыз ұсталды
Қызылорда қаласында "жеңілдікпен үй әперемін" деп жұртты алдайтын алаяқ жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласының тұрғыны әкімшілікте жұмыс істейтінін айтып, "көп қабатты үйлерден пәтер алып беремін" деген желеумен өзінің танысының жеке куәлігі мен банк картасын пайдаланып, оның атына микрокредиттік мекемелерден жалпы сомасы 305 000 теңге несие рәсімдеген.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен “Алаяқтық” сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Тергеу барысында күдікті қыз жасаған алаяқтық іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс айыптау актісімен сотқа жолданды.
Күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өндірген.
Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде айыпталушыға екі жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:21, 26 сәуір 2024
Тимофей Скатов «Челленджер» турнирінің жартылай финалында ойнайды
-
18:08, 26 сәуір 2024
Полиция екі күнде 300-ге жуық қылмыскерді ұстады – ІІМ
-
17:40, 26 сәуір 2024
Алматыда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мақсатсыз пайдалану деректері тексеріледі
-
17:27, 26 сәуір 2024
Шиелі ауданындағы ірі компаниялар да «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты
-
17:23, 26 сәуір 2024
Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты: қазақстандықтар тағы үш медаль жеңіп алды