Қызылордада синтетикалық есірткі сақтаған ер адам сотталды

15:59, 9 сәуір 2026

© Фото: pexels

Өткен жылдың жазында полицейлер қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың денсаулығына елеулі қатер төндіретін синтетикалық есірткі заттарын өткізген 30 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Полиция қызметкерлерінің уақытылы және үйлестірілген әрекеттерінің нәтижесінде жеткізу арнасы жойылып қана қоймай, жастардың заңсыз әрекеттерге баруына жол берілмеді.

Қала орталығындағы жалға алынған пәтерді тексеру және тінту барысында заңсыз айналымнан синтетикалық есірткінің едәуір мөлшері алынды: 110 сұр түсті ұнтақ пакеті.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған ұнтақ жалпы салмағы 489,21 грамм "а-пирролидиновалерофенен" немесе "a-PVP" психотроптық зат болып шықты. Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілді.

Тергеу барысында күдікті сот шешімін күтіп қамауда болды. Сот үкім шығарды. Сот шешімімен айыпталушы аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сатып алғаны, сақтағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды. Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енді.

Полиция есірткі қылмысына қарсы күрес басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтеді. Жастар арасында есірткі қылмыстарының алдын алу, олардың тұрақты теріс көзқарасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Полиция азаматтарды қырағы болуға және кез – келген заңсыздық туралы дереу хабарлауға шақырады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!