Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын бес жүлдемен аяқтады
© Надежда Рябец. Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстан құрамасының боксшылары Надежда Рябец пен Дина Исламбекова Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрлықтық біріншілікте Надежда Рябец 80 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Финалда ол Өзбекстан спортшысы Рухшона Парпиевамен кездесті.
Надежда бірінші раундта 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Екінші раундта да ол қарсыласынан белсендірек, дәл соққыларымен басым түсті. Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Надежда Рябец Қазақстан құрамасына 2026 жылғы Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медальді сыйлады.
Ал Дина Исламбекова Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.

Дина Исламбекова. Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
80 келіден жоғары салмақтың финалында Исламбекова үндістандық Алфия Патханға қарсы шаршы алаңға шықты.
Жекпе-жектің алғашқы раундынан-ақ Дина басымдықты өз қолына алды. Бастапқы үш минутта қарсыласын нокдаунға жіберді.
Одан кейін де отандасымыз рингтегі үстемдігін жалғастырды. Үшінші раундта ол тағы да қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде Исламбекова айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.
Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы 2026 жылғы Азия чемпионатын бес жүлдемен аяқтады. Надежда Рябец (80 келіге дейін) пен Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) чемпион атанса, Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) күміс медальге ие болды. Ал Әйгерім Саттібаева (48 келіге дейін) мен Валентина Хальзова (75 келіге дейін) қола жүлде жеңіп алды.
Еске салайық, бұған дейін бүгін, 2026 жылғы 9 сәуірде, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азия чемпионатының жеңімпаздары атанған Дина Исламбекова мен Надежда Рябецке құттықтау жолдаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:50, 9 сәуір 2026
Түркістан облысында 2 тонна құрылыс қалдығын көшеге төккен тұрғын жазаланды
-
18:40, 9 сәуір 2026
Өскемен тұрғыны синтетикалық есірткіні өз еркімен тапсырғаны үшін ақшалай сыйақы алды
-
18:30, 9 сәуір 2026
Теннис: Билли Джин Кинг кубогында Қазақстан мен Канада арасындағы матчтың жеребесі тартылды
-
18:20, 9 сәуір 2026
Шымкентте балалар электровоз кабинасына тас лақтырған
-
18:04, 9 сәуір 2026
10 сәуірде қай өңірлерде найзағай ойнап, қар жауып, көктайғақ болады





