Балуан Тыныс Дүбек Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

17:27, 9 сәуір 2026

© Сурет: United world wrestling

Қазақстандық балуан Тыныс Дүбек Бішкек қаласында (Қырғызстан) өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

62 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін өткен белдесуде отандасымыз Солтүстік Корея өкілі Хён Гён Мунмен күш сынасты.

Жартылай финалдағы белдесу 11:0 есебімен қарсыласының мерзімінен бұрын жеңіске жетуімен аяқталды.

Осылайша, Тыныс Дүбек 10 сәуірде құрлық біріншілігінің қола жүлдесі үшін күреседі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!