Қызылордада бесіктегі сәби тірідей жанып кетті
Қызылордада жер үй өртеніп, бір жасар сәби көз жұмды. Бесікте жатқан бала тірідей жанып кеткен. Қайғылы оқиға 18 ақпанда түнгі бірлер шамасында облыс орталығындағы Кызылжарма шағынауданында болған. Отқа оранған баспанадан анасы мен төрт қызы шығып үлгеріпті. Ал 2019 жылы дүниеге келген шарананың не себепті іште қалып қойғаны әзірге белгісіз. Қазір тілсіз жаудың анық-қанығы мен неден тұтанғаны тексеріліп жатыр.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Алматы іргесіндегі Тұздыбастау ауылында да түнде жер үй өртеніп кетті. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Үй иесі мен әйелі және екі баласы аман қалған. Қазір қызыл жалынның неден шыққаны анықталып жатыр. Негізгі себеп – тоқтың тұйықталуы мүмкін деген жорамал бар.
Ал, Өскеменде өрт шыққан тұрғын үйден 13 адамды құтқарушылар эвакуацияланды. Ыс тиген 12 жастағы жеткіншек ауруханаға жеткізілген, қазір оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, дейді ақ халаттылар. Жалынның шығуына өрт қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:41, 13 сәуір 2026
ШҚО-да полицейлер 4 млн теңге қарызы бар борышкерді анықтады
-
13:26, 13 сәуір 2026
Атырау облысында полицияның бірнеше басшысы қызметінен шеттетілді
-
13:06, 13 сәуір 2026
Ақтөбеде мас күйінде көлік басқарған 11 жүргізуші тоқтатылды
-
12:51, 13 сәуір 2026
Астанада заңсыз қоқыс төгу деректерінің жолы кесілді
-
12:29, 13 сәуір 2026
Сәуір ортасында Қазақстанға қыс қайта оралады: аяз, жаңбыр және қар күтіледі





