Қызылорда облысында ұртоқпақ күйеуінен қашамын деп балконнан секірген әйел мүгедек болып қалды
© Сурет: freepik
Қызылорда қаласының №2 сотында балконнан секіріп, мүгедек болып қалған әйелдің азаматтық некедегі күйеуінен материалдық шығын және моральдық зиян өндіруді сұрауы бойынша қозғалған қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотта жәбірленуші А. азаматтық некедегі күйеуі сотталушы Ж-ның ұялы телефонына тіркелген абоненттік нөмірін алып, оны өз телефонына салғанда белгісіз әйелдің хабарламасын көргенін, осы себепті қызғаныштан екеу ара жанжал туғанын анықтады.
Өз кезегінде сотталушы жәбірленушіні балағаттап, жұлқылап, бірнеше рет аяусыз, аса қатыгездікпен ұрып-соғып, еденге құлатып, басынан шыны бөтелкемен ұрып, оның қолындағы ұялы телефонын алып қойған. Жәбірленуші өміріне қауіп төніп тұрғанын сезініп, азаматтық некедегі күйеуінің ұрып-соғу әрекеттерінен құтылу мақсатында қонақ бөлмедегі балконнан өз еркімен секірген. Салдарынан жәбірленуші А-ның денсаулығына "ауыр" дәрежелі зиян келіп, І топ мүгедектігі тағайындалған.
Сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамады. 2022 жылғы сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес жәбірленушінің денсаулығына "ауыр" дәрежедегі зиян, ал 2024 жылғы қосымша сараптама қорытындысына сәйкес, жеңіл дәрежедегі зиян келгені бекітілген.
"Сотталушы А. ҚР ҚК-нің 105-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оған жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде өтеу белгіленді, сондай-ақ ҚК-нің 49-бабы негізінде "майор" шенінен айыру үкімі тағайындалды". Қызылорда қаласының №2 соты
Азаматтық талап бойынша материалдық шығын 4 054 181 теңге және моральдық зиян 5 000 000 теңге өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





