Қызылорда облысында өзгеден 10 мың АҚШ долларын бопсалаған екі тұрғын ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Қызылорда облысында полицейлер жедел түрде қорқытып ақша алу дерегін әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2025 жылғы 6 желтоқсанда Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында басқа облыстың тұрғындарынан 10 мың АҚШ долларын күш көрсету арқылы талап еткен Шиелі ауданының екі тұрғынын ұстады.
"Қорқытып ақша алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - деп хабарлады полиция.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарға күш қолдану арқылы ақша талап етудің "қылмыстық әрекет" екенін ескертті.
"Осындай жағдайдың куәсі немесе құрбаны болған жағдайда дереу полицияға жүгіну қажет. Жедел әрекет ету ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік береді", - деп ескертті полиция.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:44, 25 қаңтар 2026
Алматы мен Астана айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары: 25 қаңтар
-
14:01, 25 қаңтар 2026
Жол апатынан кейінгі кісі өлімі: Шымкентте тағы үш күдікті ұсталды
-
13:30, 25 қаңтар 2026
Қазақстанда тағы бір мерзімді әскери қызметші қаза тапты
-
13:00, 25 қаңтар 2026
Астанада жол ережесін өрескел бұзған азаматтар жауапқа тартылды
-
11:05, 25 қаңтар 2026
Қазақстан теннисінің жас жұлдызы Әмір Омарханов Испаниядағы турнирде жеңіске жетті





