Қызылорда облысында келінін балағаттаған ененің ісі сотта қаралды
© Сурет: pexels
Қызылорда облысында келінін балағаттаған әйел адам жазаланды. Оған бірнеше тәулікке қамау алу және алкогольді ішімдік тұтынуына тыйым салу тұрғысында жаза тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотта азаматша Б. үйіне алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде келіп, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, келініне балағат сөздер айтып, мазасын алып, жанұя шырқын бұзғаны анықталды. Ол бұған дейін 2024 жылы11 сәуірде осы тектес әрекеті үшін ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылып, ескерту алса да, одан еш нәтиже шығармай, құқық бұзушылықты қайталап отыр.
Сотта жәбірленуші Ә. мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған.
"Б-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген. Сот қаулысымен Б. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, АПБ-нің ерекше талап белгілеу туралы ұсынысы қанағаттандырылып, Б-ның мінез-құлқына 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талап белгіленген", делінген Арал аудандық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:09, 17 сәуір 2026
Алматыда екі автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар
-
16:57, 17 сәуір 2026
Алматыда ер адам балалардың көзінше арыстанға тас лақтырған: хайуанаттар бағы мәлімдеме жасады
-
16:48, 17 сәуір 2026
18–20 сәуірде Астана, Алматы және Шымкентте күрт жылыну күтіледі – ауа райы болжамы
-
16:40, 17 сәуір 2026
Алматы облысында полицейлер әйелді құтқару үшін оның артынан жүгірді
-
16:24, 17 сәуір 2026
БҚО-да ауру киіктен сынама алынды





