Қызылорда қаласын ыстық сумен қамтамасыз ету үшін үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлінді
© Фото: Zakon.kz
Қызылорда қаласында ыстық сумен жабдықтау жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қызылорда облысының бюджетіне ыстық сумен жабдықтау желілерін салу үшін Үкімет резервінен нысаналы трансферттер түрінде шамамен 5 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Бүгінде Қызылорда қаласы – орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі жоқ республикадағы жалғыз облыс орталығы.
Қаладағы көпқабатты үйлер электр немесе газбен жылыту құрылғылары арқылы ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 10 қазанда өңірге жасаған жұмыс сапары барысында қаланы 2025 жылдың соңына дейін орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырған болатын.
Жалпы құны 26,2 млрд теңгені құрайтын тиісті жобаны екі кезең бойынша жүзеге асыру жоспарланған. Бірінші кезеңде – 2024 жылы 187 тұрғын үйді су жүйесімен қамту жұмыстары басталса, екінші кезеңде – биыл 236 тұрғын үй су жүйесіне қосылады. 2024 жылы бірінші кезеңге Үкімет резервінен 11 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. Аталған қаулы негізінде Үкімет резервінен бөлінген 5 млрд теңге биыл екінші кезеңнің бірінші кезектегі жұмыстары үшін пайдаланылады.
Осылайша, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Қызылорда қаласының 423 көп қабатты тұрғын үйі орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қосылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:08, 20 желтоқсан 2025
Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:43, 20 желтоқсан 2025
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етілмейді
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады





