Қызметтік көліктерін сатқандар сотталды

09:49, 25 маусым 2024

© Сурет: Zakon.kz

Жамбылда әкімдікке қарасты мекеме басшылары қызметтік көліктерді жекеге сатып жібергені үшін сотталды.

Талас ауданының тазалығына жауапты "Таза-Талас" кәсіпорнының басшысы мен орынбасары 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Коммуналдық мекемеге жауаптылар 5 жылдан бері теңгерімде тұрған төрт көлікті заңсыз есептен шығарған. Талапқа сай арнайы аукцион өткізбеген, деп жазады qazaqstan.tv.

Құжат жүзінде жарамсыз көлік ретінде көрсетіп, есептен шығарған. Олар мемлекет мүлкін талан-таражға салу арқылы 22 млн теңге пайда тапқан.

"Әрқайсысына мемлекеттік қызметте лауазымды қызметті атқаруға тыйым салынды. Жымқырылған 4 көліктің 3-еуі мемлекетке қайтарылды және 4-ші көліктің бағасын сотталушылар өз еркімен қайтарып берді." Жалғас Көшербаев, Жамбыл облысы прокурорының көмекшісі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!