Бір депозитте қанша ақша сақтауға болады: шекті мөлшер белгіленді
© Фото: pixabay
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026 жылғы 25 тамыздағы қаулысымен базалық банк лицензиясы бар банктердің активтерінің жалпы көлеміне және жеке тұлғалардан қабылдайтын депозиттеріне шекті мөлшер белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда:
- базалық банк лицензиясы бар банктің активтерінің жалпы көлемі әр айдың есепті күнінде 500 млрд теңгеден аспауы тиіс. Есепті күн ретінде тиісті айдың соңғы жұмыс күні алынады;
базалық лицензиясы бар банктер жеке тұлғалардың депозиттерін, сондай-ақ олардың банк шоттарындағы қаражатын мына мөлшерден артық қабылдай алмайды:
- ұлттық валютадағы жинақ салымдары бойынша – 20 млн теңге;
- ұлттық валютадағы өзге депозиттер бойынша – 10 млн теңге;
- шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 млн теңге.
Егер жеке тұлға базалық лицензиясы бар бір банкте бірнеше депозит ашса немесе бірнеше банк шотына ие болса, барлық депозиттер мен шоттардағы күнделікті ақшаның жалпы қалдығы 20 млн теңгеден аспауы керек.
Қаулы 2026 жылғы 13 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Агенттік базалық лицензиясы бар банктердің операциялары шектеулі екенін атап өтті. Ал депозиттерге қатысты бұл шектеулер қазіргі жұмыс істеп тұрған банктерге қатысты емес, себебі оларда әмбебап банк лицензиясы бар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:56, 3 қыркүйек 2026
Ұлдананың өлімі: ғимаратты салған компания директоры неге жауапқа тартылмайтын болды
-
17:48, 3 қыркүйек 2026
Астанада пәтерінде есірткі сақтады деген күдікпен ер адам мен әйел ұсталды
-
17:39, 3 қыркүйек 2026
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші күні: Қазақстан қоржынында - 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль
-
17:10, 3 қыркүйек 2026
Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған министрлерді таныстырды
-
17:00, 3 қыркүйек 2026
Қауіпсіздік кеңесінің жаңа құрылымы аталды





