Қауіпсіздік кеңесінің жаңа құрылымы аталды

17:00, 3 қыркүйек 2026
MKZ: 1565026

© Фото: Zakon.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 29 тамызда "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Аппараты президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде құрылады.

Осыған байланысты президенттің бірқатар актілеріне тиісті өзгерістер енгізілді.

Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар тізіміне Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен кейін "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Аппараты" деген жаңа жол қосылды.

Сондай-ақ саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіміне "Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары" деген лауазым енгізілді.

Бұдан бөлек, "Қауіпсіздік кеңесі Аппаратының басшысы, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары" деген лауазымдар да тізімге қосылды.

Қауіпсіздік кеңесінің құрамына лауазымы бойынша мына тұлғалар кіреді:

  • Қазақстан Республикасының вице-президенті;
  • Қазақстан Республикасының Құрылтай төрағасы;
  • Қазақстан Республикасының премьер-министрі;
  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы;
  • Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары;
  • Қазақстан Республикасының Бас прокуроры;
  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
  • Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы;
  • Сыртқы істер министрі;
  • Қорғаныс министрі;
  • Ішкі істер министрі;
  • Төтенше жағдайлар министрі.

Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары тікелей Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына бағынады.

Қауіпсіздік кеңесінің қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ететін Аппарат оның жұмыс органы болады.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!