Қытайдағы қазақ қызының жұмбақ өлімі. Дипломаттар жағдайды түсіндірді

17:16, 16 шілде 2019

Қытайдың Чанчжо қаласында (Цзянсу провинциясы) қазақстандық студент қыз көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 сәуірде 1995 жылғы Қазақстан азаматы Сандира Серікханова Чанчжоу қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің 17-ші қабатынан құлап, қайтыс болған. Ол осы қаладағы Технологиялық университетте оқып жатқан студент қыз болып шықты.

"Біздің елдің азаматы қайтыс болғанын ести сала, Шанхайдағы Қазақстан Бас консулдығының қызметкерлері бұл жайынан марқұм қыздың ата-анасына дереу хабар берді. Сөйтіп қайтыс болған қыздың әкесі мен ағасына виза мәселесін шешуге көмектесті. Шанхайдағы Қазақстан Бас консулдығының қызметкерлері Чанчжоға келгеннен кейін оларды Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің өкілдерімен, марқұм оқыған университеттің және сақтандыру компаниясының өкілдерімен кездесуге көмектесті. Қауіпсіздік департаментінде марқұмның туыстарына қайғылы оқиға орын алған тұрғын үйдің кіреберісінде орнатылған камералардағы бейнелер көрсетілді", деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Тергеу іс-шаралары бұл қайғылы оқиғаның жазатайым жағдайда орын алғанын анықтады. Осылайша кісі өлтіру күдігі істен алынып тасталды.

Шанхайдағы қазақстандық дипломаттар марқұмның денесін өз Отанына жеткізуге де көмектесті. Олар 2 мамырда Серікханованың денесін алып, Бейжіңнен Нұр-Сұлтанға ұшып келді.

- 22 мамырда марқұмның әкесі Шанхайдағы Қазақстан Бас консулдығына қызының өлімі туралы істі қайта көтеруді сұрап, арызданды. Соған сәйкес ҚР Бас Консулдығы Қытай Халық Республикасының полициясына тиісті сауалнама жолдап, бұл істі қайта қарауды сұрады. Содан қылмыстық іс қайта қаралып, қытай полиция қызметкерлері қыздың жазатайым жағдайда мерт болғанын анықтап, оны растады. Осылайша кісі өлтіру күдігі тағы да іс-қағаздардан жойылды, - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігіндегілер.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!