Қытай ғалымдары Айдағы уақытты анықтай бастады
© Сурет: pixabay
Қытайдың Нанкин қаласындағы Цзыцзиньшань обсерваториясының ғалымдары Айдағы уақытты дәл өлшеуге және оны Жер уақытымен синхрондауға арналған әлемдегі алғашқы LTE440 (Lunar Time Ephemeris) бағдарламалық жасақтамасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зерттеушілер бұл модельді дайын күйде қолдануға болатын бағдарламалық өнім ретінде жасап шыққан. Бағдарлама күрделі есептеулерге жүгінбей-ақ, бір қадамда Ай уақыты мен Жер уақытын салыстыруға мүмкіндік береді. South China Morning Post басылымының жазуынша, бұл технология әлемде күшейіп келе жатқан "Ай жарысы" жағдайында спутниктегі навигацияның дәлдігін айтарлықтай арттыруға көмектеседі.
Айдағы сағаттар Жермен салыстырғанда тәулігіне шамамен 56 миллионнан бір секундқа жылдамырақ жүреді. Бұған Айдағы тартылыс күшінің әлдеқайда әлсіз болуы себеп.
Гарвард университетінің астрономы Джонатан Макдауэллдің айтуынша, Ай мен Жер уақытын синхрондау бүгінде нақты инженерлік қажеттілікке айналып отыр. Микросекундтармен өлшенетін болмашы айырмашылықтардың өзі навигациялық жүйелерде маңызды рөл атқарып, есептеулердің дәлдігіне әсер етуі мүмкін.
Бұған дейін Айдағы және Жердегі уақыт айырмашылығы аса маңызды болмаған, себебі спутникке жасалатын миссиялар саны аз еді.
"Алдағы уақытта Айда адам қатысатын экспедициялар мен ғарыш аппараттарының саны арта түседі. Сондықтан LTE440 бағдарламасы аса қажет", – дейді жобаны әзірлеушілер.
Бұған дейін қытайлық ғалымдардың ескі ұялы телефондардан алтын бөліп алудың 20 минуттық тәсілін тапқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:55, 13 қаңтар 2026
Алматыда есірткіні жасырын қойып кетуші қолға түсті
-
16:46, 13 қаңтар 2026
Қазақстан әуе кеңістігінде қауіпті авиациялық оқиға тіркелді
-
16:40, 13 қаңтар 2026
Доллар төмендеп, металл қымбаттап жатыр: Инвестицияны қайда бағыттаған дұрыс
-
16:26, 13 қаңтар 2026
ТМД елдерінде зейнеткерлер үшін ең қолайлы жағдай Қазақстанда жасалған - зерттеу
-
16:15, 13 қаңтар 2026
Алматыдағы ауаның сапасын жақсарту үшін қалаға көліктердің кіруіне шектеу енгізіледі: Жоба қашан іске қосылады





