Қыс күшіне мінді: алдағы күндері елде қатты суық болады
© Фото: Zakon.kz
Алдағы үш күнде Қазақстан аумағында ауа райы күрт нашарлайды. "Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 13, 14 және 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, күнтізбелік қыс басталғалы бері елде салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталып келген.
"Қазақстанға қарай суық антициклон жылжып келеді. Ол республика аумағы арқылы жылдам өтіп, алдымен солтүстік өңірлерге, кейін елдің қалған бөліктеріне ауа температурасының едәуір төмендеуін әкеледі. 14 қаңтарда солтүстік облыстарда, ал 15 қаңтарда шығыс өңірлерде түнгі уақытта термометр бағандары –30…–38°С-қа дейін төмендейді", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Болжамға сәйкес, аязға қарамастан, антициклонның жылдам жылжуына байланысты жел күшейеді. Елдің солтүстік бөлігінде жекелеген аудандарда желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін.
Бұған дейін синоптиктер Астанада ауа температурасы –27°С-қа дейін төмендеп, ал Алматыда +9°С болатынын хабарлаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:50, 12 қаңтар 2026
Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың 114 жылдығына орай ескерткішке гүл қою рәсімі өтті
-
15:47, 12 қаңтар 2026
Алматыда мемлекетке 300 млн теңгеден астам актив қайтарылды
-
15:40, 12 қаңтар 2026
Италияның футбол чемпионатында чемпион мен маусым көшбасшысы өзара күш сынасты
-
15:27, 12 қаңтар 2026
«Шариғатқа қарсы»: ҚМДБ әлеуметтік желідегі дипфейктер мен жазылушыларға қатысты мәлімдеме жасады
-
15:10, 12 қаңтар 2026
Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндерге маңызды ақпарат жарияланды





