Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың 114 жылдығына орай ескерткішке гүл қою рәсімі өтті
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, дипломат, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толуына орай Алматы қаласында Д. А. Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Тағзым ету шарасына Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Алиев, Халықаралық Д. Қонаев қорының президенті Эльдар Қонаев, М. Әуезов музейінің директоры Дияр Қонаев, Дінмұхамед Ахметұлының қызметтестері мен туған-туыстары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Шара барысында сөз сөйлеген Эльдар Асқарұлы:
"Бүгін Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толып отыр. Ол – еліміздің дамуы мен қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлға. Оның ерен еңбегі мен мемлекетшіл болмысы Қазақстан тарихында айрықша орын алады", – деп атап өтті.
Сондай-ақ іс-шара аясында РМК "Ғылым ордасы" академиясы атынан Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа қатысты барлық ресми құжаттар Д. А. Қонаев музейінің қорына табысталды. Бұл құнды мұра ұлы тұлғаның саяси, ғылыми және қоғамдық қызметін тереңірек зерделеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, шараға жиналған қонақтар үшін Д. А. Қонаев музейі мен мемориалды пәтер-музейінде арнайы экскурсиялар ұйымдастырылып, музей қызметкерлері Дінмұхамед Ахметұлының өмір жолы, ел басқарудағы кемеңгерлігі мен адамгершілік болмысы туралы тың деректермен бөлісті.
Дінмұхамед Қонаев – халқының жүрегінен орын алған, елінің болашағы үшін аянбай қызмет еткен біртуар Ұлы тұлға. Оның парасатты саясаты, қарапайымдылығы мен әділдігі бүгінгі ұрпақ үшін өнеге, ал есімі – қазақ халқының тарихи жадында мәңгі өшпес жарық жұлдыз болып қала береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:01, 12 қаңтар 2026
Белгілі журналист Дәулет Ізтілеу өмірден өтті
-
18:50, 12 қаңтар 2026
Таразда дәмхана өртенді
-
18:41, 12 қаңтар 2026
Жалақыны өсіру және бейімдеу бағдарламасы: еліміздің әскери саласында қандай өзгерістер болды
-
18:29, 12 қаңтар 2026
Президент Құрылтай отырысы өтетін күнді белгіледі
-
18:29, 12 қаңтар 2026
Президент Құрылтай отырысын өткізу уақытын белгіледі





