Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

17:08, 11 қаңтар 2026

© Сурет: pixabay

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 12 қаңтарда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Қонаевта түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың шығыс жартысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда 25 м/с. Көкшетауда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбеде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың шығысында қатты қар күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с. Өскеменде түнде қар, бұрқасын күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семейде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз екпіні 15-20, облыстың батысында кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Қостанайда тұман күтіледі.

Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шaшын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Павлодарда түнде қар, күндіз жауын-шaшын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Астанада қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда түнде қар, күндіз аздаған қар күтіледі. Жаяу бұрқасын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!