Қырғызстанда қырағы бүркіт ұшып жүрген дронға шабуыл жасады

10:49, 23 ақпан 2026

© Фото: Zakon.kz

Қырғызстанның Ақсы ауданындағы Падыша-Ата қорығында бүркіт қорық аумағының үстінен ұшып өткен дронға шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрлардан жыртқыш құстың құрылғыға лап қойып, өз аумағын қорғағаны анық көрінеді. Мамандардың алдын ала болжамынша, бүркіт дронды ықтимал қауіп немесе ірі жемтік деп қабылдаған болуы мүмкін.

Қырағы бүркіттің шапшаң әрекетіне қарамастан, техника зақымданбаған. Ал бүркіт оқиғадан кейін көзден ғайып болған.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, құстың тосын мінез-құлқы көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр.

Бұған дейін Шарын ұлттық паркі фототұзақтағы таңдаулы кадрларды жариялағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!