80 мыңнан астам әлеуметтік желіні пайдаланушылар жалпыұлттық коалиция бастамасын қолдады
© Сурет: referendum2026.kz
Жалпыұлттық коалиция қызметі аясында әлеуметтік желіні пайдаланушылардың аватарларына тақырыптық рамка орнату бастамасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінде 15 наурызға белгіленген жалпыұлттық референдум қарсаңында өз азаматтық ұстанымын жария түрде білдіріп, акцияға 88 мыңнан астам адам қосылды, деп жазады "Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" жалпыұлттық коалициясы.
"Twibbonize.com ашық платформасында арнайы "referendum2026" твиббоны жүктелді. Бірнеше күн ішінде өсу қарқыны бойынша ол ТОП-1 қатарына кіріп, сервистегі ең көп қолданылған твиббонға айналды. Сондай-ақ платформада басқа да бастамашылық акциялар орналастырылған. Қазіргі уақытта қолдаушылардың жалпы саны 88 мың адамға жетті. Жаңа Конституция жобасын қолдайтын азаматтар саны күн сайын артып келеді", делінген хабарламада.
Онлайн-белсенділікке танымал қазақстандықтар да акцияға қосылды — блиц-шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева, Сидней Олимпиадасының жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков, бокстан Қазақстанның үш дүркін чемпионы Василий Левит, еңбек сіңірген өнер қайраткері Қаракөз Сүлейменова, музыкант Абай Бегей, продюсер Ренат Басит, «Дервиши» тобының солисі Дильмурат Бахаров, халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, актер Ерболат Төлеген және басқа да көптеген тұлғалар.
"Бұл бастама Қазақстанның әр өңіріндегі пайдаланушыларды біріктіріп, азаматтардың ел болашағын талқылауға қатысуының жоғары деңгейін көрсете отырып, қоғамда ерекше назар аудартқан цифрлық форматтардың біріне айналды", деп нақтылайды коалициядан.
Айта кетсек, еліміздегі әуежайлар мен вокзалдар республикалық референдум жайлы ақпараттың алаңына айналды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:12, 22 ақпан 2026
Ақмола облысында етті құжатсыз заңсыз тасымалдау фактілері анықталды
-
16:38, 22 ақпан 2026
«Қар, тұман, боран». Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:01, 22 ақпан 2026
Басқа бірқатар елдермен салыстырғанда Қазақстанда сиыр еті әлдеқайда қымбат
-
15:16, 22 ақпан 2026
Алматы тауларында блок бекеттер қойылды
-
14:23, 22 ақпан 2026
Шымкентте жаңа тас жолдың бір бөлігі шөгіп, шұңқырға айналған





